Оқиға • 22 Қаңтар, 2024

9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен адам табылмай жатыр

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 39 жастағы ер адам 9 қаңтарда із-түзсіз жоғалған. Содан бері іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен адам табылмай жатыр

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Департаменттің мәлімдемесінде: «Жылыой ауданының тұрғыны 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен. Сол күні сағат 22:30 шамасында анасына «Зираттың жанында келе жатырмын. Адасып кеттім» деп хабарласқан», делінген.

Содан кейін одан еш хабар болмаған, қай бағытқа кеткені белгісіз.

«Іздестіру жұмысына Жылыой аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.