Абай • 23 Қаңтар, 2020
Ақын музейінде хакім Абайдың 175 жылдығы бастау алды
Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай «Абай. Уақыт. Өнер» көрмесі ашылды. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2020
Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО өкілі Криста Пикатты қабылдады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Тәжікстан, Қырғыз еліндегі өкілі, Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының директоры Криста Пиккатты қабылдады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Ақтауда демеушілер қаржысымен спорт сарайы салынады
Биыл Ақтаудың 17-ші шағын ауданында заманауи үлгідегі спорт сарайы салынады. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығында» өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған шараларды қорытуға арналған брифингте белгілі болды.
Парламент • 23 Қаңтар, 2020
Сенатор квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқартуды ұсынды
Сенатта парламенттік тыңдауларға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтуде. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда QR-Mangystau мобильді қосымшасы жұмыс істейді
Бұл қосымша аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштері туралы баяндайды және өңірдің 49 көрікті жерлерін біріктіреді. Ол Бекет ата, Шақпақ ата мешіттері, Отпан Тау кешені және басқа да QR кодтары орнатылған жерлер. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық директорының орынбасары Марат Өтесінов мәлім етті.