Абай • 23 Қаңтар, 2020

Ақын музейінде хакім Абайдың 175 жылдығы бастау алды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай «Абай. Уақыт. Өнер» көрмесі ашылды. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақын музейінде хакім Абайдың 175 жылдығы бастау алды

Салтанатты шараны Абай музейінің директоры Ж.Әубәкір ашып, белгілі суретші Н.Өтепбаев Абай бейнесі тұрғысында кеңінен өз ойларын білдірді. М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенті А.Саниязбекұлы Абайдың әнін әуелете шырқап, ашылу салтанатынан кейін көпшілік қауым жаңа көрмемен танысты.

1

«Абай. Уақыт. Өнер» көрмесіне музей қорындағы аса құнды 50-ден артық туынды қойылған. Олардың ішінде Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, Б.Байғалиев, М.Әлиакпаров, Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев және т.б. қылқалам шеберлерінің туындылары бар.