Жол жүрісін қадағалаудағы оң өзгерістер
Қазір көшелерге көз жүгіртсеңіз, жол-патрульдік полициясы көліктерін жиі көресіз. Бұл, бір жағынан, көңілге кәдімгідей үлкен демеу беретіні рас. Өйткені, жол-патрульдік полициясына тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды міндеттер жүктелгенін ұмытпаған жөн.