Технология • 23 Қаңтар, 2026
Startup Garage: Astana Hub стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдап жатыр
Astana Hub Startup Garage бағдарламасының бесінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Бағдарлама идеядан алғашқы сатылымдарға дейінгі жолды өтуге дайын стартаптарға арналған. Үш ай ішінде қатысушылар гипотезаларын тестілеуден өткізіп, мақсатты аудиторияны анықтап, тұрақты бизнес-модель қалыптастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Қаңтар, 2026
ЕАЭО тізгіні – Қазақстанда: Астана интеграцияның жаңа векторын қалай айқындайды?
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың тізгінін өз қолына алды. Бұл елге интеграциялық күн тәртібін қалыптастыруға және өз экономикалық басымдықтарын ілгерілетуге мүмкіндік береді. Еліміздің төраға ретіндегі жұмысы мамыр айында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан бастау алмақ. Дегенмен ел билігі одақтың алдағы даму векторын алдын ала айқындап үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада: Тау шаңғысы спортынан ел намысын кімдер қорғайды?
Ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Айтулы додада тау шаңғысы спортынан әйелдер арасында ел намысын Александра Скороходова, ерлер арасында Ростислав Хохлов қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Азаматтарды автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы автонесие рәсімдеу саласында қылмыстық жүйені тоқтатты. 19 қаңтар күні Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал топ азаматтарының атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Соңғы 10 жылда интернаттағы балалар саны 54%-ға азайды
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қамқоршыларды бағалау мен бақылаудың жаңа моделі енгізілді. Соңғы 10 жылда еліміздегі интернаттық ұйымдар саны 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер қатары 54%-ға азайды. Өткен жылы 3 мыңға жуық бала отбасы тәрбиесіне берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.