Фото: Ашық дереккөз
Отбасылық тәрбиелеу формаларына көшуге байланысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарындағы мамандар саны 3,3 есеге ұлғайып, 303 қызметкерден 1028 маманға дейін артты. Бұл мамандар әрбір отбасына жеке көмек көрсетіп, балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын жан-жақты зерделеп отырады.
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
2025 жылдан бастап қамқоршыларға жыл сайын кешенді тексеруден өту міндеттелді. Олар табыс көздерін растап, денсаулық және тұрғын үй жағдайының сәйкестігін және соттылығының жоқтығын дәлелдейді. Егер заңды өкіл бұрын сотталған болса немесе психоневрологиялық, наркологиялық диспансердің есебінде тұрған болса қамқоршылық міндетінен дереу шеттетіледі.
Қарағандыда 82 жетім бала мен жүздеген мұқтаж жанға пәтер берілді
Балаларды қолдаудың баламалы тетігі ретінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінде еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. Өткен жылы тәлімгерлер үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілді. Бала ең алдымен жақын туыстарына орналастырылады.
Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар, олардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.