Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
Қазіргі таңда әлем бойынша логистика экономиканың ең табысты салаларының бірі болып табылады. Бүгінде әлемдік көлік-логистикасының рыногы жаһандық ІЖӨ-нің 7 пайыздан артығын, яғни, 2,7 триллион доллардан астамын құрайды.
Президент • 16 Қаңтар, 2018
Америка Құрама Штаттары биылғы сыртқы саясатындағы екіжақты қарым-қатынастарын Қазақстаннан бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін АҚШ-қа ресми сапармен келді. Араға 11 жыл салып жүзеге асып отырған бұл сапардың шын мәнінде саяси және экономикалық маңызы зор деп санаймыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен Буштан басталған екі ел арасындағы қарым-қатынас бүгінде жоғары деңгейге жеткені белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылы Ақ үйге барған алғашқы қонақ болып отыр. Бұл Вашингтонның біздің елмен арадағы байланысқа ерекше көңіл бөліп отырғандығын көрсетсе керек.
Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан
Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығармашылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой.
Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауымдасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өткерді. Ал қазіргі нарықтық қоғамның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.
Парламент • 15 Қаңтар, 2018
Қ.Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.