Қ.Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті

Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
15.01.2018 2874
2

Кездесу барысында екіжақты қатынастар және парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы 1917 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Финляндия жоғары деңгейдегі экономикалық және технологиялық даму нәтижесін көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Финляндиямен қарым-қатынас, әсіресе «жасыл» технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану трансферті мәселелері бойынша тәжірибесі мол Суомимен ынтымақтастық Қазақстанға зор ықылас туғызып отыр.

Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2015 жылғы V Съезінің жұмысына қосқан үлесіне орай Финляндия Президенті С.Ниинистёге ризашылық білдірді және халықаралық мамандандырылған ЭСКПО-2017 көрмесіне белсенді қатысқаны үшін фин басшыларына алғыс айтты. Тараптар Астанадағы ЭКСПО алаңдарында көрсетілген жобалар: БҰҰ «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық хаб, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық ІТ-стартап технопаркі аясында бұдан былайғы ынтымақтастықтың келешегі туралы туралы пікір алмасты. Фин депутатының айтуынша, бұл саланың екіжақты ынтымақтастық әлеуетін іске асырудың зор мүмкіндігі бар.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Финляндияның көлік-логистика саласындағы, әсіресе, қытайдың «Бір белдеу, бір жол» және Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасын ұштастыру тұрғысында әріптестік қатынастарының келешегі зор екенін атап өтті.  «Біз Финляндияны Балтық жағалауындағы елдер мен Солтүстік Еуропа аймағындағы жетекші көлік хабы ретінде қарастырамыз», деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, кеңінен тәжірибе бөлісуге, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерді алмастыруға шақырды.

Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы туралы хабардар етіп, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елімізді жаңғыртудың 10 негізгі міндет жайында айтып берді.

В.Скиннари Жолдауды жоғары бағалай отырып, екі елдің алдында тұрған: цифрландыру, экономикалық реформалар, «жасыл» технологияларды дамыту қажеттігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқа да жауапты міндеттердің ортақтығын атап өтті. «Бұл қатерлерді ойдағыдай еңсеру үшін бізге бірге жұмыс істеу керек», деді фин парламентшісі. Ол Қазақстан алдында ауқымды міндеттерді шешуде Финляндияның жәрдемдесуге әзір екенін нақтылады.

Сенат басшысы екіжақты парламенттік өзара іс-қимылдың қарқынына ризашылық білдіріп, фин тарапын парламенттік делегациялар алмасуға шақырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Зеренді ауданында энергияның тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

17.12.2018

Ә.Жақсылықов: Тауарлы-сүт фермасын құрып, 100 бас сиыр ұстаудамыз

17.12.2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

17.12.2018

Көкшедегі тәуелсіздік тойы

17.12.2018

Қобда ауданының тұрғындары баспаналы болды

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16.12.2018

ШҚО-да тұрғындар үшін басын қатерге тіккен мемлекеттік қызметкер «Құрмет» орденін алды

16.12.2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

16.12.2018

Жетісу жұрты Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлады

16.12.2018

Семейде «Абай әлемі» кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті

16.12.2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

16.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

16.12.2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанның халық қалаулысы үздік депутат атанды

16.12.2018

Ақтөбеде ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

16.12.2018

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар баспаналы болды

16.12.2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу