Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, мердігер ұйымдар және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті басшылығы қатысты.
Жиын барысында жауапты тараптар жобаны іске асыру барысы туралы есеп берді.
Мерекеде жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу талап етілді
Жоспар бойынша жаңа жоғары оқу орны қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Мәдениет және өнер факультеті негізінде құрылмақ. Оқу орнында 6 факультет, 17 кафедра және бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша 46 білім беру бағдарламасы іске қосылады.
Негізгі бағыттар ретінде кино және теледидар, анимация, медиа-менеджмент, цифрлық дизайн, сценография сияқты салаларға басымдық беріледі. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет цирк өнері бойынша жоғары білім беру жүйесі енгізілмек, сондай-ақ реставратор мамандарын даярлау да жоспарланған.
Кеңесте Шымкентте жаңа Опера және балет театрын салу мәселесі де қаралды. Қала әкімдігі 2,8 гектар аумақта орналасатын жер телімін бекіткен. Жаңа театр 1500 орынға арналған көрермен залымен салынады.
Қазіргі уақытта қалада 1984 жылы салынған, 330 орындық ескі Опера және балет театры жұмыс істеп тұр.