Кино • 16 Қаңтар, 2018
Көрермен аз деп қашанғы алдайды?
Атақты Pixar студиясының кезекті туындысы «Коконың құпиясы» анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалды дегенді естіп, жұмыстан шыға сала кешке қарай тайлы-тұяғымызбен кинотеатрға ағылғанымыз бар. «Бақсақ бақа екен» демекші, фильмнің қазақ тіліндегі сеанстары кешкі уақыттарда көрсетілмейтін болып шықты. Ал фильмнің орыс тіліндегі сеансы арасына сағат салып самсап тұр. Бұл өзге өңірлерді айтпаған күннің өзіндегі, мегаполис санатындағы Астана мен Алматы қалаларындағы жағдай. Осы орайда ел аумағында көрсетілетін фильмдердің прокат тілі жайында және қазақ тіліндегі фильмдердің кинотеатрлардағы көрсетіліміне байланысты көрермен наразылығы жыл өткен сайын үдеп келеді. Ал қазақ тіліне дубляждалған туындының кинотеатрларда кеңінен көрсетілмеуінің себебін әркім әрқилы түсіндіреді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018
Қызылқала қалашығының құпиясы көп
Маңғыстау тарихының ерекшеліктері қазірден бастап дәлелденіп, ғылыми тұрғыда әлемде қызығушылық тудыруда. Өлкедегі әрбір құпиясы ашылған ежелгі палеолиттік Сарыташ шығанағы шеберханалары, тас дәуірінің аяғына жататын Қосқұдық кешенді елді мекені, қола дәуірінің қала типтес Тоқсанбай, Айтман ескерткіштері, Бәйте 1-3, Қызылүйік, Тасастау, Қайнар, Әурентөбе, Соққы, Ақпан ерте темір дәуірінің ғибадатханалары, Жезді, Қарақабақ және Қызылқала орта ғасырлық қалашықтары, Шақпақ ата, Қараман ата, Сұлтан-епе, Шопан ата, Бекет ата жерасты мешіттері, орта ғасыр және жаңа заман кезеңдерінің кешенді қорымдықтары сынды ескерткіш Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихында да маңызды орын алады.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
The Diplomat: Трамп пен Н.Назарбаев кездесуінде қандай мәселелер талқыланады?
The Diplomat журналы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуі туралы мақала жариялады. Онда кездесу барысында талқылануы мүмкін тақырыптар мен Қазақстан туралы жазылған. Назарларыңызға журналдағы "Трамп Қазақ президентімен кездеседі" атты мақаланың ықшамдалған аудармасын ұсынамыз.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
Трамп Ақ үйде Қазақстан Президентімен кездесіп, Ауғанстан стратегиясын талқылайды - Fox News
Американың «Fox News» ақпарат агенттігі «Трамп Ақ үйде Қазақстан Президентімен кездесіп, Ауғанстан стратегиясын талқылайды» атты мақала жариялады. Мақаланың ықшамдалған мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018
Зейнетақыдан айыру әділеттілік пе?
Өзбекстандағы ағайынның атамекенге қарай көштің басын бұрғанына жиырма жылдай болды. Жастар жағы Қазақстанға, оның ішінде Қостанай облысына келіп жатыр. Әсіресе көрші елдің кен орны бар Науаи облысынан келіп жатқан жастар Қостанайдағы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінен жұмыс орнын да тапты. Дайын мамандарды кен кәсіпорны да жақсы қарсы алды деуге болады. Бүгінде Өзбекстаннан келген қазақ жастарын кен алыбының цехтары мен кеніштерінен жиі кездестіруге болады. Оларға кеніштер жұмысының барлық түрі таныс, ұршықтай үйіреді. Рудный қаласы мен оған іргелес Қашар кентіне, сол маңайдағы Таран ауданына келген өзбекстандық қандас ағайындардың саны бүгінде 13 мыңнан асып жығылады. Олардың барлығы да тырмысып, баспанасын да өздері сатып алып жатыр, бизнесін ашуға талпынып жүрген жастардың әрекеті де көңіл қуантады.