Табиғат • 18 Қаңтар, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
«Қазселденқорғау» ММ «Өскемен - Самара» автожолының 101-ші шақырымында қар көшкіні болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Басылым • 18 Қаңтар, 2025
Ұлттық кітапхана төрінде белгілі шығыстанушы, аудармашы, PhD Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған еңбек Иран қазақтары туралы жазылған бірнеше туындының басын құрайтын шағын энциклопедия үлгісінде жасалған. Тағдыр тауқыметін тартқан маңғыстаулық қазақтардың тілі бөлек, салты бөтен жат жерде өмір сүріп, қалай тілі мен салтын сақтап, ұлттық болмысын жоғалтпай жүргенін суреттейді. Қилы заманда әлемнің әр бұрышына тараған қазақтың туған топырақтан жырақтағы өмірін баяндайды.
Президент • 18 Қаңтар, 2025
Тоқаев екі ел арасындағы шартты тарихи құжат деп атады
Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
«Мархабат» журналы қанат қақты
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.
Тағзым • 18 Қаңтар, 2025
Бірінші сыныпта мені оқытқан апай орын ауыстырып, енді басқа ауылдан ақшыл сары өңді, жұқа сары шашты, бетінің аздап секпілі бар, жұмсақ мінезді Мұқан аға Мағауин мұғалім болып келген. Бір айдай бізді қырман басына қатынап жүріп оқытқан. Жаймашуақ бір ашық күні сынып бөлмесіне келсем, менің партамның екінші бөлігінде кең маңдайлы, үлкен көзді, ақсары бала отыр екен. Мұғаліміміз: «Блөкжан, сенің қасыңа Мұхтарды отырғыздым, енді қатар оқисыңдар» деді. Әлі есімде, бұл 1948 жылдың қазан айының 8-күні болатын. Осы күн өмірімде шешуші бұрылыс жасады, біз бірге оқыдық, жарыса өмір шыңдарына өрледік.