Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді
23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Экономика • 20 Қаңтар, 2019
Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?
1765 жылы Англияда Джеймс Харгривс «Дженни» ұршық машинасын ойлап тапты. Ол 5 ұршық иіретін адамды алмастыра алатын. Міне, содан бері адамзат дамуында жұмысшыны өндірістің көптеген саласынан ығыстыра алатын машина, аппараттар ойлап табылды. Ендігі кезек – роботтарда.
Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды
Облыс орталығындағы Достық үйінде «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» деп аталатын арнайы орындар ашылды. Облыстық соттың бастамасымен жүзеге асқан бұл жобалар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдануға, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайтуға бағытталған.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019
Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыс жүруде.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019
Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Атырау облысындағы Мақат пен Доссор поселкелерінің арасындағы жолдың жағдайы сын көтермейтіні туралы біраз жылдан бері мәселе көтеріліп келе жатқан еді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан осы аумақ та күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауданға жұмыс сапары барысында жол құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталып, пайдалануға берілетінін айтты.