Білім • 18 Қаңтар, 2024
Қаңтардағы ҰБТ: Ең көп таңдалған пәндер комбинациясы жарияланды
Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді. Талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдады. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және тағы басқа бағыттарға оқуға түсе алады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Алмас Манап өткен жылдың соңында Өзбекстан еліне іссапармен барып, көрші халықтың бокс бойынша ішкі чемпионатын тамашалап қайтты. Төрткүл дүниеде бұл спорт түрінен үзеңгілес қазақ-өзбек боксын әлем мойындап отыр. Мықтылар көшінде қатар тұрған қос ел боксшыларының айқасы тартысқа толы болып жүргені белгілі. Осы орайда Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері Толқын Қылышев газетіміздің тілшісіне сұхбат беріп, спортшыларының бет алысын, екі ел боксының бүгінгі бағдарын талқы таразысына салды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2024
Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны айтылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған
2022 жылғы 16 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында ауқымды конституциялық реформа жүргізуге бастамашылық жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні − «Суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту.
Ауа райы • 18 Қаңтар, 2024
18 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.