Алматы • 17 Қаңтар, 2025
Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды. Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында еңсе тіктеген ескерткіште қазақ мәдениетінің өрістеуіне айшықты үлес қосқан өнер иесі мен оның сүйікті аспабы күйсандық қоса бедерленген.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік стипендия табысталды
Алматыдағы Достық үйінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табыстау салтанаты өтті. Президент өкіміне сәйкес 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Жомарт жандар 1 млрд теңгеден аса көмек көрсетті
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті. Жиында ҚХА-ның 30 жылдығына арналған жобаларды ұйымдастыру және іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар өңірлердегі «Жомарт жан» орталықтарын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2025
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің стратегиялық дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сол себепті де қоғамда патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресуді қатаң тапсырып, онымен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстарын күшейтті. Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен сұхбат құрып, саладағы заңнамалық жаңашылдықтар турасында әңгіме өрбіттік.