Үкімет • 17 Қаңтар, 2025

Жобалық кеңсе жұмысын бастады

38 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.

Жобалық кеңсе жұмысын бастады

Сурет: primeminister.kz

Ұлттық жоба инфра­құры­лымның тозу деңге­йін төмендетуге және комму­налдық қызметтерді үздік­сіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсе­тетін 87 монополист кәсіпорын­дағы энергетикалық және ком­муналдық инфрақұры­лым­ның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндіру­дің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды.

2029 жылға дейін комму­нал­дық желілерді жаңғыртуға инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржы­лық даму институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи монополия субъектілерін қаржылан­дыру тетігін құру, жеңілде­тіл­­­ген қаржыландыруға не­ме­се субсидиялауға өтінімдерді қарастыру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға жүктелген. Жобалар­дың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаж­дау жұ­мыстарына бақылау жүргізу «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның құзыретіне бекітілген.

Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізімін әзірлеу, жосықсыз қатысушылар тізімін енгізе отырып, сатып алудың бірыңғай электрондық нысанын енгізу тапсырылды.

Отырыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін қолдау шаралары да талқыланды. Халықтың төлем қабілеті бар топтары коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі керек. Ал осал санаттағылар тұрғын үй автоматтандырылған жүйесі арқылы тарифтердің өсуінен қорғалады. Салалық министрліктерге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін отбасының жиынтық табысының 5%-ына дейінгі коммуналдық төлемдерге шығындардың шекті мөл­шерін бекіту, сондай-ақ тұр­ғын үй ауданы мен комму­налдық қызметтерді тұтыну­дың қолданыстағы нормаларын біріздендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Энергетика және ком­муналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі және олар кешенді әрі жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, екі апта ішін­де ұлттық жобаны іске асырудың Жол картасын әзірлеп, оны Үкімет Аппара­тына енгізуді тапсырамын», деді Қ.Бозымбаев.

Вице-премьер ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін министрліктер, әкімдік­тер мен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы, сон­дай-ақ азаматтардың белсен­ді қатысуы қажет болаты­нын баса айтты.

«Осыған байланысты Ұлттық экономика, Энер­гетика, Өнеркәсіп және құры­­лыс министрліктеріне, Мәде­ниет және ақпарат министр­лігімен, сондай-ақ мүдде­лі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе отырып, қаңтардың үшін­ші онкүндігінде журналис­терге арналған брифинг өткізіп, халық, бизнес қауым­дастық және табиғи монополия субъектілері арасында ауқым­ды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», деді Қ.Бозымбаев.