Руханият • 17 Қаңтар, 2025
Тойымыз мазаққа айналмауы керек
Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Ақтау қаласындағы тұрғындар саны артуынан мектептегі орын жетіспеушілік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай шаһардағы 33-шағын ауданында №33 жалпы білім беретін кезекті су жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 11 мектеп сынақтан өте алмаған
Білім саласына мемлекет тарапынан да, жергілікті атқарушы биліктен де айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Нәтижесінде, өткен жылы өңірде бірнеше «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Ұлттық жоба аясында ашылған жаңа білім ұяларына жасалған жағдайға көңіл толады.
Білім • 17 Қаңтар, 2025
Рухани құндылықтың ең асылы – тіл. Тілі бар жұрт – тірі ұлт, тіршілігі бар ұлт. Келешегін ойлаған жұрт ең алдымен тілін ойлайды. Тілді сақтап қалудың, оны дамытып, байытудың жолы – тілді оқыту. Тілді оқытудың әлемде қалыптасқан бірегей әдістемелік жүйесі жоқ. Болуы да мүмкін емес. Өйткені әр тілдің өзіне ғана тән ерекшелігі, өзгеде болмайтын өзіндік қасиеті бар. Сондықтан оқыту үдерісі де сол өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып қалыптасуы керек.
Жұмыс • 17 Қаңтар, 2025
33 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты
Былтыр ел жастары үшін берекелі жыл болды. Мәселен, Жастар практикасы бағдарламасына 34,7 мың азамат қатысып, олардың 33,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бизнес ашуды көздеген 14 мыңнан аса жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтап, сертификаттар алды. «Жастармен бірге» ұлттық он күндік өтіп, бірқатар іс-шарада 1 млн отандасымыз бас қосты.