Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024
Ертең аяздың беті қайта бастайды - синоптиктер
«Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сәйкес, ертең елдегі аяздың беті қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Күллі әлем көз тіккен жарыстың тизері жарияланды
Күллі әлем көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8-14 күндері аралығында Астанада өтеді. 100-ден астам елден 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту секілді ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2024
46 кеншінің қазасы: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды
2023 жылдың 28 қазанында «Qarmet» қарамағындағы (бұрынғы АрселлорМиттал) Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза болған еді. Оған қоса 28 кенші жарақат алған оқиғаға қатысты іс қозғалып, 9 жауапты тұлға қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Арада 27 жыл өтті. Қазақстан халықаралық конвенцияға қосылды
Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 17 Қаңтар, 2024
«Дәстүр» – қоғамға кері әсер ететін драматургиясы қисынсыз фильм – кинотанушы
«Дәстүр» фильмі расымен көрерменді дүр сілкіндірді. Бұл туынды төңірегінде түрлі пікір айтылып жатыр. Мақтаушылар мен даттаушылардың қарасы көп. Кәсіби көзқараспен қарағанда фильмге қандай баға беруге болады? Осы ретте кинотанушы Дана Әмірбекова фильмге қатысты өз пікірін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.