Қысқы спорт • 17 Қаңтар, 2019
Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды
19 қаңтар күні АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында фристайлдан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтеді. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 17 Қаңтар, 2019
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті
Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының 1 дивизионында кезекті рет жеңіске жетті. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты
Батыс Қазақстан облысында биылғы қыс боранды-қарлы болып тұр. Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері боранды алдын ала ескерту және автокөлік жолдарының жабылғанын тұрғындарға жеткізу үшін 43 мәрте SMS-хабарлама таратқан.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға, яғни Қоғамдық даму министрлігіне өз қызметі туралы есеп беруге міндетті. Егер есеп бермеген жағдайда, алдымен ескертіледі, одан да нәтиже болмаса, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе қызметі 3 айға тоқтатылады. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Бәйменова хабардар етті.
Қаржы • 17 Қаңтар, 2019
Әр төртінші заем «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген
2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салымшыларын 59,7 млрд теңгеге несиелендіруді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы банк клиенттеріне арналған тұрғын үй елдің барлық аймағында сатылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.