Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Бангкокта ауаның ластануынан халық тұншығуда
Бангкоктағы 50 ауданның 30-ында ауаның ластану деңгейі шектен тыс жоғарылады.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Елбасы еліміздегі төртінші мегаполис болуы керек деген тапсырма берген Ақтөбе қаласының өзінен елордамыз Астанаға тікелей қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтап қалды. Қазір темір жол желісінде «Ақтөбе-Астана» деген пойыз құрамы мүлдем жоқ. 900 мыңға жуық тұрғыны бар облысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының не себепті шетқақпай қылып отырғандығы түсініксіз. Өйткені осы компанияның шешімінен кейін Ақтөбе облысы елордамызбен тікелей жолаушылар пойызы қатынасы тоқтатылған жалғыз өңір болып отыр.
Әлем • 15 Қаңтар, 2019
Ауғанстандағы жарылыста 4 адам қаза тапты
Ауғанстанда қуатты жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 90-ға жуығы жарақат алды.
Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?
Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019
Талғат Ахметов: Тиесілі зейнетақымнан қағылдым
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2018 жылдың 16 қаңтарындағы санында Нәзира Жәрімбеттің «Зейнетақыдан айыру әділеттілік пе?» деген мақаласының «кейіпкері» болған едім. Онда Өзбекстаннан келіп, тиісті зейнетақымды ала алмай жүргендігім туралы сөз болған еді.