Тарих • 29 Қаңтар, 2014
Ұлы Отан соғысының кейбір құпиялары Ұлы Отан соғысы деп аталған қызыл қырғынның ашылмаған құпиялары әлі де көп. 1940-шы жылдардың басында әлемдегі ең үздік соғыс қаруы және техникасымен қаруланған, әскері оқ-дәрімен, киіммен, тамақпен, басқа да тұрмыстық қажеттілікпен толық қамтамасыз етілген, соғысқа дайындығы жағынан ең жетілген жойқын армияны дайындығы мүлде жоқ, кеше ғана бухгалтер, мұғалім, журналист болып жүрген интеллигенция өкілдері және мал бағып, жайлауда есінеп жүрген, зауытта сегіз сағат бойы аяғынан тік тұрып, үйіне тез жетуді ғана армандаған ауыл мен қала жұмысшылары қалай жеңді деген сұрақ күні бүгінге дейін қойыла беретіні заңды. Соның біршамасы орыс тілін де түсінбеген, берілген бұйрықты теріс ұғып, артқа кетудің орнына алға барып жатқандары да болмай қалмаған.