Теннис • 29 Қаңтар, 2019
Санкт-Петербург қаласында теннистен WTA турнирі басталды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында теннистен WTA турнирі басталды. Жүлде қоры 757 900 АҚШ долларын құраған жарыста қазақстандық Юлия Путинцева да өнер көрсетеді.
2019 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің ИКТ министрлерінің үшінші отырысы өтеді.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019
Қостанайда жастардың аймақтық форумы өтті
Форум жастарға арналған «Zhas Project» жобасын жүзеге асыру және дамыту жөнінде жыл тәулігінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жоба арқылы жыл бойы жастардың бастамалары мен оларды жүзеге асырудың тамаша үлгілері көрінді, жүзеге асты. Облыс бойынша өткен жылы жобаға қатысуға 394 өтініш берілді. Бүгінгі мәлімет бойынша, облыс аудандары мен қалаларында 464 жас 230 миллион теңгеден астам қаржыға 11 бағыт бойынша 137 жобаны жүзеге асырған.
Спорт • 29 Қаңтар, 2019
Даррен Дицтің дара шығуға мүмкіндігі мол
Бұл күндері Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыстың» сапында өнер көрсетіп жүрген 25 жастағы канадалық легионер Даррен Диц Мәскеудің ЦСКА клубының шабуылшысы Кирилл Капризовпен бірге жеңіс голдарын соққан ойыншылардың көшін бастап тұр.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Қостанай облысында ғаламтор алаяқтарының әрекеті белең алып тұр
Соңғы кездері облыс өңірінде ғаламтор алаяқтарынан зардап шеккендердің Полиция департаментіне берген арызы көбейе түскен. Өткен жылы ғаламтор арқылы алаяқтық жасаған 353 қылмыс тіркелген. Алаяқтарға алданғандардың оларға беріп қойған ақшасының көлемі 2 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін барады.