Іс-шараға Түркітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің бас хатшысы Багдад Амреев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Түркияның Қатынас және инфрақұрылым министрі Мехмет Турхан, Қырғызстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиев, Әзірбайжан Республикасының Көлік, байланыс пен жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаде, сонымен қатар Венгрияның Инфокоммуникация, инновация мен технологиялар министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Кароли Солимар қатысады.
Отырыс барысында инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы ортақ инфрақұрылымдық жобалардың дамуы мен аймақтық инновациялық экожүйені қарқынды нығайту мәселелері талқыланады.