Әлем • Кеше

Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Таяу Шығыста орналасқан америкалық ірі IT және жасанды интеллект компанияларының нысандарына соққы жасауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ

фото: pixaboy

Ислам революциясы сақшылары корпусының мәлімдемесінде АҚШ-тың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін компаниялары түрлі шабуылдарды жоспарлау мен нысаналарды анықтауға қатысады деп көрсетілген. Осыған байланысты Иран тарапы оларды «жауап соққысының заңды нысанасы» ретінде қарастыратынын ескертті.

Tasnim агенттігінің мәліметінше, ықтимал нысандар қатарында Microsoft, Apple, Google, Meta сияқты алпауыттармен бірге Cisco, HP, Intel, Oracle, Nvidia, Tesla және Boeing компаниялары да аталған. Бұл компаниялардың Таяу Шығыстағы кеңселері мен инфрақұрылымдары қауіп аймағында болуы мүмкін.

Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды

Сондай-ақ, Ислам революциясы сақшылары корпусы өңірдегі осы компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлерге қауіпсіздік мақсатында жұмыс орындарын уақытша босатуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгін Иран Дубай маңында мұнай танкеріне шабуыл жасаған еді. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп егер Иран Ормұз бұғазын ашпаса, Америка оның энергетикалық нысандары мен мұнай кен орындарын жермен-жексен ететінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар