Президент • 13 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
ШҚО: 2020 жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адам АӘК алады
5 қаңтардан бастап облыстың барлық 19 аудан және қалаларында АӘК тағайындау үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарына 4400-ден астам адам кеңес алды, 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілді. Жалпы, 2020 жылдың І тоқсанында облыста 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020
МӘМС: 2020 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектер
МӘМС жүйесін енгізу кезінде балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.
Спорт • 13 Қаңтар, 2020
«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Роман Григорчук елордалық «Астана» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Ұшақ апатында қаза тапқан азаматты ауылдастары еске алды
Өткен жылдың соңында қалың қазақтың қабырғасын қайыстырған оқиға болып, «Bek Air» компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 47 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген-ді. Осы ұшақта Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылының тумасы Абай Нұрбековтің де отбасы болды. Өкінішке қарай, отағасы туған күніне бір апта қалғанда айтып келмейтін апаттан қаза тапты.