Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Жансая Әбдумәлік - әлемнің 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшысы
Жансая Әбдумәлік әлемнің 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшыларының тізімін бастады.
Әлем • 10 Қаңтар, 2019
ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен репортаж
Қытай алғаш рет әлемдік ірі БАҚ өкілдерін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) орналасқан үлгі ретіндегі кәсіптік-техникалық орталық («саяси тәрбиелеу лагерьлері») жұмысымен таныстырды. 3-5 қаңтар аралығында өткен пресс-турға Reuters, «SPUTNIK» ақпарат агенттігі, Pakistan Associated Press және Индонезияның Antara агенттігінің журналистерімен бірге «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі Садық Әкежанов қатысқан. Журналистер аралайтын нысандар тізімін Қытай тарапы тек өздері ұсынған. Әріптесіміз Садық Әкежановтың репортажын ұсынамыз.
Парламент • 10 Қаңтар, 2019
Қ.Тоқаев: Депутаттардың Президент Стратегиясын насихаттау жұмысы үстірт болмауы керек
Бүгін Сенат Бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік саладағы, сондай-ақ Жастар жылын өткізуге байланысты маңызды міндеттер бойынша депутаттар корпусы алдындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Washington Post: Қытай 2000 этникалық қазақты босатты
«Washington Post» газеті Қытай үкіметі 2000 этникалық қазаққа Қытай азаматтығынан бас тартып, мемлекеттен көшуге рұқсат бергенін хабарлады.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Жаңа пәтердің шаршы метрі - 120 000 теңге
Үйсіз адамың күйі де болмайтындығы белгілі. Бірақ, «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, ойындағысындай пәтер алуға әркімнің қолы жете бермейді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңіл несие алғанымен табысы күн көрісіне зорға жетіп жүргендерге «аспаннан киіз жауса да, кедейге ұлтарақтық тимейтіннің» кері келеді де тұрады.