Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Жоспар бекітіліп, жұмыс басталды
Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін хабарлады.
Пікір • 10 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп берді.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Алматыға пойызбен аттанатын жолаушылар енді жайлы әрі кең вагондармен сапарлауға мүмкіндік алып отыр. Петропавл вагон жасау зауытында Тверь вагон жасау зауытының технологиясымен жасалған жаңа вагондар Павлодар – Алматы – Павлодар бағытында жүре бастады.
Заң мен Тәртіп • 10 Қаңтар, 2025
Жаңа жыл басталысымен елге жеткен ақжолтай жаңалықтың бірі – кейінгі жылдары дүйім елдің дегбірін қашырып жүрген заңсыз есірткі бизнесі мен қылмысына қарсы күреске тың серпіліс беретін заңға Мемлекет басшысының қол қоюы. Мамандар бұл өзгерісті қоғам кеселін сауықтыру жолындағы ілкімді қадам деп бағалап отыр.
Саясат • 10 Қаңтар, 2025
Өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады
Мәжіліс депутаттары өңірдегі жұртшылықпен жүздесуін жалғастырды. Кеше бір топ халық қалаулылары Теміртау қаласындағы газ тарату желілерінің, енді бірі Маңғыстау облысындағы күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін электр стансасының құрылыс барысымен танысты.