Спорт • 29 Қаңтар, 2025
Фристайл-могулдан АҚШ-тың Уотервилль қаласында жалауы желбіреген Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Юлия Галышева сәтті өнер көрсетті. Параллельді могулдан өткен жарыста ол қола медаль олжалады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері франциялық Перрин Лаффон мен америкалық Джейлин Кауфтан ғана қалып қойды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2025
Дүздже қаласында (Түркия) тұратын Мұхамметәли Бозды өз ортасында көпшілік жақсы таниды. Неге десеңіз, ана тілінен бөлек түрік, саха, араб тілдерін еркін меңгерген ол өнерден де құралақан емес.
Білім • 29 Қаңтар, 2025
Пенсильвания университеті грант ұсынды
Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, шетелдік белді жоғары оқу орнының грантын олжалаған оқушы бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүр. Енді мектептегі оқуын бітірген соң, өзін шақырған Пенсильвания университетінде грантта оқи алады. Аталған университет Айви Лигасына (Ivy League – Американың және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындар қауымдастығы) кіреді. Қауымдастық құрамындағы білім ордалары ондағы оқыту сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді, қауымдастықтың құрамында Гарвард университеті секілді беделді оқу ордалары бар.
Өнер • 29 Қаңтар, 2025
«Астана Опера» сахнасында Nomad Inspiration бағдарламасының премьерасы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған кеш балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиялық жұмыстары мен «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің бірегей аспаптық музыкасын біріктірген нағыз шығармашылық тәжірибеге айналды.
Көрме • 29 Қаңтар, 2025
Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылында «Шекарасыз кітапхана» атты ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ауыл кітапханасында бас қосқан тұрғындар түрлі мазмұндағы кітап көрмелерін тамашалап, әдебиет әлеміне қатысты танымдық ойындарға қатысты.