Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020
«Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған «Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Видео • 10 Қаңтар, 2020
Домбыра тартып үйрену сабақтары - 3 (видео)
«Күйшілер одағының» мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері Шалқар радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті Тілеулі Еңглік жүргізетін домбыра тартып үйрену сабақтарын жалғастырамыз.
Медицина • 10 Қаңтар, 2020
Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасауға дайын
Аймақтардың міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел өзара іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб өкілдері бүгін Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында болды. Жұмыс тобына төрағалық ету Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековке жүктелген. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда полиция департаменті жол инфрақұрылымына қатысты жиын өткізді
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қанат Таймерденовтың басшылығымен жол-көлік оқиғасының алдын-алу және жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жиын өтті. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Парламент • 10 Қаңтар, 2020
Ә.Бектаев жұмыс бабындағы сапармен Түркістан облысында болды
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев Түркістан облысының Келес ауданында жұмыс бабындағы сапармен болып, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, медицина, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы қызметкерлерімен, әлеуметтік-мәдени сала, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.