Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

«Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған «Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жиынға консерватория басшылығы, профессор-оқытушылық құрамы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Отырысты консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып берді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұстазы Қарлығаш Мәтжанова Қасым-Жомарт Кемелұлының өзекті мақаласын жиналған көпшілікке таныстырды. Қарлығаш Мәтжанова Мемлекет басшысының мақаласындағы « Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», « Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» атты тарауларға жеке-жеке тоқталып, көпшілікке ортақ мәселелерді ортаға салды.

Сонымен қатар жиында Базарғали Жаманбаев, Тамара Сатыбалдина, Базархан Қосбасаров, Айжан Бердібаева, Әлия Сабырова сынды білікті ұстаздар өз ойларын айтты. Жиналған көпшілік Президент мақаласында қозғаған ойларына, көтерген мәселелеріне, халыққа жасаған үндеуіне, құзырлы органдарға қойған нақты тапсырмаларына үн қосты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мақаласында өзі айтқандай, сөзден іске көшу керекпіз, Абай атамыздың мұралары арқылы, өскелең ұрпақ бойына адамгершіліктің, адалдықтың, еңбекқорлықтың, парасаттылықтың дәнін егу керекпіз. Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп, нақты іспен көрсету керекпіз» деді жиын соңында ұжым басшысы Арман Әділханұлы.