Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
Қанша оқысақ та айызымыз қанбас, үнемі жаңалық табар екі дастан болса, бірі – «Гилгамеш туралы дастан». Алтайдан үдере көшкен түркінің басы шумерлер деп болжалдасақ, дастандағы қаһарман қос батыр тұрқы ұлы даланы еске салады. Тіпті қазақ жырларымен үндестігі менмұндалайды.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
Өз заманында Толстой ақсақал: «Келешекте жазушылар біз сияқты том-том шығармалар жазбауы мүмкін. Тіпті көркем нәрселерге бару да бірте-бірте тыйылуы мүмкін. Мақалалық дүниелермен шектеліп, соны әдебиет деп есептеп, сондай бағытқа ауып кетуі мүмкін» деген екен. Бұл пайымның айтылғанына, міне ғасырдан да ұзақ уақыт өтіпті. Толстой тәмсілі шынға айналып келеді.Қоғамда қанша жазушы болса, сонша оқырман қалды. Бұл – бүгінгі әдебиеттің ауа райына қатысты айтылған дәл сөз. Адамдардың жазуға, руханиятқа қызығуы тіптен әлсірегенін осыдан байқаймыз. Оқырманның азаюы әлемде де өзекті мәселеге айналса да, Батыспен салыстырғанда қазақ әдебиетінде шығармашылық жетістіктер әлдеқайда аз. Мәселен, қазір бізге кітап оқығанның бәрі сұлу һәм қадірлі. Толстой біздің бұл халімізді де тап басып танып айтыпты. Бұдан бөлек публицистік сарыны басым жазбалардың көркем әдебиетке таңылып жүргені, бұл үрдістің белең алып бара жатқаны тағы бар.Әдебиетті әр адам өзінше түсінеді, өзінше пайымдайды. Әркімнің көкей кеңістігінде өз «әдебиеті» бар. Көркем ой мен сұлу сөздің түйіскен тұсы – әдебиет хақында өзіміз емес, өзге ұлттың қандай ой айтары бізге таңсық. Осы орайда таңсық дүниенің астарына үңіліп, Аустрияның жас жазушысы Александр Вадиммен онлайн-байланысқа шығып, сөйлесіп көрген едік.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
«Төбелесті күтпеген жерден бастау керек, сонда қызық болады» депті ақын Тоқаш Бердияров. Тоқаш ағасының осы бір сөзін Есенғали Раушанов эпиграф етіп алып, ол кісінің ішкі даусын керемет өлеңге айналдырған. Бұл – жалғыз Тоқаш ағаға арнау емес, жеке туынды, поэзия. Ішкі даусы, яғни жанының үні болмаса, адамның бары не, жоғы не. Ол неден бас тартып, қалайша тебіндейді – басқа әңгіме. Бар болғаны – адам туғанда дауыс салып туады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Ертіс жайылмасын 70 пайыз су басса...
Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарындағы мол ылғал алдағы жазда ырыздықтың арта түсуіне себепкер. Мамандарды Бұқтырма су қоймасында жиналған судың көлемі қуантып отыр. Көктемде Ертіс өзені жайылмаларының кемі 70 пайызын су басады деген болжам бар.
Жануарлар • 29 Қаңтар, 2024
Мәжіліс депутаты, «Аmanat» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Бас прокурор Берік Асылов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа ақбөкендердің аяусыз қырылуына қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда салалық министрлік қабылдаған регламентке сай жұмыс атқарып жатпағанын жеткізді.