Оқиға • 27 Қаңтар, 2024

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

Фото: Kris_p_almaty

Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00-де Алатау ауданында болғанын мәлім етті.

Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И. Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.