Президент • 31 Қаңтар, 2018
Ежелгі Ұлы Жібек жолы екі мың жылдан астам уақыт бойы Еуразия құрлығының халықтарын бір-бірімен байланыстырған. Оның Еуразия елдерінің дамуына, әсіресе Ежелгі Қытаймен әлеуметтік-экономикалық және мәдени алмасуларын дамытуға қосқан үлесі зор.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Үйде бір жібек кілем бар еді. Ол өзі сірә, өте қымбат дүние болса керек. Себебі өткен ғасырдың басында Үсіпбай болыс Самарқанның базарынан алдырыпты десетін.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Алматыда «Екі әлем – екі тағдыр» атты көрме ашылды
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Алан Мұхитдинов пен Әлібек Қаратайдың «Екі әлем – екі тағдыр» атты көрмесі ашылды. Көрме дүниені қабылдау сезімі басқаларға ұқсамайтын екі бозбаланың шығармашылығын қамтыған. Табиғат оларды ерекше етіп жаратты. Аутизм оларға өздерінің ойларын білдіруге кедергі бола алған жоқ. Бала кездерінен олар өздерінің шеберлігін шығармашылық арқылы көрсетіп келеді. Көрмеге 100-ден астам туынды қойылған.
Оқырман ойы
Әдебиет • 31 Қаңтар, 2018
Фейзуллах Будак, ақын: Мағжан – Алтайдағы жүрегім
Түркиядағы Мұстафа Ататүрік бастаған ұлт-азаттық көтерілісі кезінде «Алыстағы бауырыма» деп зар жылаған Мағжан жыры түрік пен қазақ қайғысының астасқан ауыр хәлін суреттейтін. Араға ұзақ уақыт салып, түрік шайыры да Мағжанға жауап жазып, ақын өлеңдерін түрік тіліне түгел аударады. Фейзуллах Будак Мағжан туралы үш кітап жазып, қазақ ақынының насихатшысына айналған. Биыл туғанына 125 жыл толатын Мағжан жырын түрік халқына таныстырып, табыстырып жүрген ақынмен сұхбаттасқан едік.