Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018

Павлодарда облыстық «Ертіс» телеарнасының басшысы ауысты

1344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа басшыны телеарна ұжымына еліміздің Qazaqstan РТРК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды.

Павлодарда облыстық «Ертіс» телеарнасының басшысы ауысты

Телеарнаны осыған дейін басқарған Владимир Айтқазин еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен босатылды. Ал директордың міндетін атқарушы болып Болат Аманбаев бекітілді.

Болат Советұлы 1972 өңірдегі Ертіс ауданы Ынтымақ ауылында туып өсті.  Еңбек жолын 1992 жылы облыстық телеарнада бастады. Студия хабарларын ұйымдастырушы, режиссердің көмекшісі, режиссер, редактор, аға редактор қызметтерін атқарды. Бірнеше авторлық телехабарларды жүргізді.

2001 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келді.  

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»