Өндіріс • 28 Қаңтар, 2025
«Қара алтын» өндіретін көшбасшы кәсіпорын
Еліміздегі мол мұнайды игеріп жатқан отандық өндірушілердің көш басында «Ембімұнайгаз» АҚ тұр. Компания тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен басталады. Негізгі бағыты – геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.
Сұхбат • 28 Қаңтар, 2025
Данияр Қадыров: Ұлт тұтастығын нығайтатын іс-шаралар көбейе түсті
Былтыр әлемнің әр түкпіріндегі қандастарға қазақ тілінен 600-ден аса онлайн сабақ өткізілген. Нәтижесінде, «Отандастар қоры» шамамен 1 300-дей азаматтың ана тілін меңгеруін жеңілдетіп, төл мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпалдасқан. Одан қалды ұйымның мәдени іс-шаралардан бастап, білім беру бағдарламалары, кәсіпкерлік алаңдарға дейінгі ауқымды жобалары шетелдегі қазақтардың атақонысқа оралуына түрткі болған. Осы жайында «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыровпен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Қасиетті қаланың түркі дүниесінің рухани астанасына айналуы түркістандықтарға ерекше дем беріп, жаңа бастамаларға жол ашты. Бүгінде Парламентте қаралып жатқан қалаға ерекше мәртебе беру жайы ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Осы орайда Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы жастарға ақыл-кеңесін айтып, рухани астананың атына заты сай болуына, Түркістан қаласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүр.
Елорда • 28 Қаңтар, 2025
Елордада ескерерлік жайлар бар
Елордаға қарап ел бой түзейді. Осы орайда өткен жылғы 11 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде арнайы кеңес өткізіп, Үкімет пен бас шаһардың әкіміне бірқатар тапсырма берген еді.
Еңбек • 28 Қаңтар, 2025
Еңбек нарығындағы екпінді үрдіс
Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) зерттеуінше, технологиялардың дендеп енуі, адам мен машина арасындағы еңбек бөлінісінің өзгеруі алдағы жылдары 85 миллион жұмыс орнын еңбек нарығынан ығыстырып, мүлдем басқа дағдыларды қажет ететін 97 миллион жұмыс орнының пайда болуына әкеледі. Жаңа өмір шындығына бейімделу адам мен роботтың өзара әрекеттесуін талап ететіні барған сайын сезіледі.