Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Биылғы сайлаудың өзгешелігі көп
Мен бұл жолғы сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлау ерекше өтті деуге болады. Себебі, жаңа партиялар мен өзгерістер жасаған партиялар да тізімге еніпті. Сайлауалды жұмыстардың өзінен көп өзгерістер байқаған болатынмын. Мәселен, сайлау алдында ашықтық, қолжетімділік билік құрумен қатар, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық кездесулер агитациялық сипатта өтті. Жамбыл өңірінде партия арасындағы дау-дамай деген сияқты ешқандай жағдайлар байқалған жоқ. Бұл тұрғыда жылдан жылға азаматтардың көзқарасы өзгеріп келеді. Әсіресе, бұрын көпшілік сайлауға бара бермейтін. Ал, қазір әрбір азамат отбасымен сайлауға міндетті түрде қатысып, өз таңдауын жасап, өзгерістерге үлес қосуда.
Әлем • 10 Қаңтар, 2021
Қырғызстандағы референдумда сайлаушылардың 33% дауыс берді
Қырғызстанда референдум өтті деп есептеуге болады. Сайлаушылардың 33% дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстанның «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Тимур Жақсылықов: Сайлаудың басты ерекшелігі - саяси плюрализм
Парламенттік сайлаудың нәтижелері плюрализмнің, демократияның және азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды кезең болады. Бұл пікірді Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс берген Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі,Тимур Жақсылықов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен кезде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды
Қазақстанның 12 өңірінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Сағат 20-00-де сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді
Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz