Сайлау • 10 Қаңтар, 2021

Сағат 20-00-де сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сағат 20-00-де сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 72,8, Ақтөбе облысы – 57,7, Алматы облысы – 73,5, Атырау облысы – 55,5, Батыс Қазақстан облысы – 51,5, Жамбыл облысы – 72,2, Қарағанды облысы – 70,7, Қостанай облысы – 71,8, Қызылорда облысы – 72,7, Маңғыстау облысы – 54, Павлодар облысы – 71,3, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5, Түркістан облысы – 65,8, Шығыс Қазақстан – 72,4, Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1, Алматы қаласы – 30,3, Шымкент қаласы – 56,5 пайыз», деді Сәбила Мұстафина.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.