Фото: Видеодан алынған кадр
Қала амфитеатры мен танымал сауда үйінің жанында орналасқан бұл композиция адам мен табиғаттың байланысын бейнелейді. Бұл аумақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендеп, демалатын орны.
Тұрғындардың айтуынша, сәулеттік өнердің күйі күн сайын нашарлап барады. Мүсіндерде жарықтар пайда болып, бояуы сыдырылған. Ал тұлпарды ауыздықтап тұрған жігіт мүсінінің қолы темір қаңқаға дейін сынып түскен.
Әкімдіктегілер тұрғындарды тыныштандырып, тек осы нысан емес, жалпы мәдени нысандар мен тоғыз саябақ аумағын ретке келтіру жоспарланып отырғанын айтқан. Бұл жөндеу жұмыстарына 16 миллион теңге қарастырылған.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілінің айтуынша, биыл мердігер ұйыммен үш жылдық келісімшарт жасалған және қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Еске салайық, Өскемендегі саябақтан Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне орнатылған мүсін жоғалып кеткен болатын.