Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Тәртіп: Мектеп – орамал тартып келетін орын емес
Бүгінде Ақтөбе облысының бірқатар мектептерінде, соның ішінде Ақтөбе қаласы мен Темір, Мұғалжар және Алға аудандарында оқушы қыздардың мектепке тұмшаланған орамал тағып, тіпті жекелеген жағдайларда жаулық жамылып келу деректері орын алып отыр.
Ойласу: Шетелде емделу салт па, сән бе?
Бүгінгі таңда отандық медицинаның жетістіктері мен дамуына көпшілігіміз көз жұма қарауды әдетке айналдырдық. Салдарынан қалталы қазақты қойып, қаржысы жоқ қазақ та несиеге белшесінен батып, шетел медицинасына жүгінеді.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2018
Ізгілік иірімдері: Жақсылық жасаудан артық жетістік жоқ
Өмірге құштарлық дегенді біз кейде ертеңге деген үмітпен шатастырып жатамыз. Ал атыраулық Ерлан Күмісқалиев үшін өмірге құштарлық қайырымдылық, қарапайымдылық, қажырлылық деген үш сөзбен түсіндіріледі. «Бауырыңда қатерлі ісік бар, көрер жарығың аз қалды» деген дәрігер үкімін естігенде ол 36 жаста еді. Алғашында, иә, жүрегінде діріл пайда болды. «Не істеп үлгердім?» деп жанталасты. «Осыдан тәуір болып кетсем, қалған ғұмырымды адамзатқа жақсылық сыйлаумен өткіземін», деп серт берді.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018
Кондюрин есімі ұлықтауға лайық емес!
Шекара бойлаған жұрттың әңгімесі де, тарихы да сол шекараға байланысты болады ғой. Тарбағатай өңірінде өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында елдің шекарашылардан көрген қиянаты жөнінде көп айтылады. Мұндағы бір заставаның В.Кондюрин есімімен аталуына да жергілікті халықтың наразылығы қатты. Ол мәселе жиындарда да айтылып жатады, үкіметке ұсыныстар да беріліп жатады. Бір-ақ заставаның атын өзгерту қанша қаузаса да іске аспай-ақ келеді.
Әдебиет • 31 Қаңтар, 2018
Бір суреттің сыры: Сұлтанбекке серік болған Ескендір
Созақтың Жаныс ата ауылында Тілеу деген кісінің ұрпақтары туралы әңгіме күні бүгінге дейін айтылады. Тілеу өткір тілді би, ауыл ағасы, тонның жағасы болған қадірменді кісі екен. Тілеудің үшінші баласы қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Ісмет Кеңесбаевтың әкесі ұзын бойлы, сұлу кісі болған. Молдадан оқып, хат таныған. Құс салып, тазы жүгірткен шебер саятшы, аңшы екен. Домбыраны да жақсы тартқан. Созақтың әйгілі күйшісі Сүгірмен замандас, жерлес, жақын жолдас болыпты.