Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018

Оңтүстікте «Ырысы тасыған ыдыстар» атты көрме өтті

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері Түркістан қаласындағы білім ұяларында «Ырысы тасыған ыдыстар» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Оңтүстікте «Ырысы тасыған ыдыстар» атты көрме өтті

Музей қызметкерлерінің айтуынша, негізгі мақсат – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, жас ұрпақты рухани, тарихи мұралардың құндылықтарымен таныстыру жəне қадірлеп, қастерлеуге шақыру. Көрмеге музей қорынан XVIII-XX ғасырларға жататын этнографиялық жәдігерлер топтамасынан: құман, қазан, көзе, қуман-самаурындар орналастырылған. Қорық-музей мамандары оқушыларға ата-бабаларымыз қолданған ыдыстардың әрбіріне қатысты терең мағлұмат беріп, түсіндірді. Тарихи мəні терең дүниелерге балалар да қызығып, көбірек білгісі кетеліндерін байқатуда.

Аталған бағыттағы көрмелер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жыл басынан бері Түркістан қаласында аталған көрме аясында 15-ке жуық кездесулер ұйымдастырылса, жобаны республикалық, облыстық деңгейде де жүзеге асыру жоспарлануда.

Айта кетелік, Түркістан қаласына өткен жылы зиярат етіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді тамашалауға 1 090 755 азамат келген. Оның 18 мыңы шетелдік туристер. Олар негізінен Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Гаухар ана кесенелері және Сауран қалашығына ерекше қызығушылық танытқан.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»