Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған
47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан алаяққа бірнеше банктен 20 миллион теңгеге несие рәсімдеп берген. Газбен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері ретінде хабарласқан алаяқ есептегішті тексеру сылтауымен жәбірленушінің ұялы телефонына келген СМС-кодты сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 28 Қаңтар, 2026
«Райымбек батыр» кесенесі мемориалдық кешенге айналады
2026 жылы Алматы қаласы Музейлер бірлестігіне қарасты «Райымбек батыр» заманауи музейлендірілген мемориалдық кешені ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды
Семейде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өз мәрісіне жетті. Бұл зияткерлік әрі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Семей қаласы және Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандарынан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Абай ауданында жанар-жағармай бекеті ашылды
Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық жобасы аясында Абай ауданына инвестиция тартылып, облыстық маңызы бар «Қарауыл – Семей» автожолы бойында жаңа жанар-жағармай бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Үндістанда Нипах вирусына қарсы қауіпсіздік шаралары күшейді
Үндістан билігі Шығыс Үндістандағы Батыс Бенгалия штатында Нипах вирусы тіркелген бес жағдай расталған соң эпидемияға қарсы шараларды күшейтті. Ауруға шалдыққандар арасында дәрігерлер мен медбикелер де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.