Қоғам • Кеше

Абай ауданында жанар-жағармай бекеті ашылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық жобасы аясында Абай ауданына инвестиция тартылып, облыстық маңызы бар «Қарауыл – Семей» автожолы бойында жаңа жанар-жағармай бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Абай ауданында жанар-жағармай бекеті ашылды

Жалпы аумағы 2 500 шаршы метрді құрайтын нысанның құны – 350 миллион теңге. Бекет заманауи жабдықталған 6 колонкамен қамтылған. Бір мезгілде 12 көлікке бензин және дизель отынын құюға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жолаушыларға арналған шағын маркет те қарастырылған. Қазіргі таңда компанияның еліміз бойынша 43 сауда нүктесі жұмыс істейді. Абай ауданында ашылған жаңа бекетте 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мейіржан Смағұлов қатысып, жобаның Абай ауданында жүзеге асуына қолдау білдірген «LUKOIL Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Жейхун Мұсаоғылы және «GAS&MҰНАЙ» ЖШС директоры Серік Амангелдіұлына алғыс білдірді.

Жоба аудан тұрғындары мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50