Аймақтар • 28 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инвестицияның жетіспеуі экономиканың өсімін тежеп тұрған басты мәселе екенін, оның тапшылығы болашақта тоқырауға әкеп соқтыратынын ескерткен болатын. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында инвестиция тарту маңызды міндет екенін атап өтті. «Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген», деді Президент.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2024
«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек», депті Ахмет Байтұрсынұлы. Иә, ұлт жұмысы – шынында үлкен жұмыс. Ел болған тұста сол ұлт жұмысына көп болып жұмылдық, бірлікке ұйып, білек сыбана кірістік. Бұл жолда тапқанымыз да бар, жоғалтқанымыз да шаш-етектен. Енді барды айтамыз, кем-кетікке келгенде бірімізге біріміз қараймыз, көктен түсе қалғандай бұл не сұмдық деп «көсіле» шабамыз. Тізгініне «жабысып», шылбырынан жетектегендер де, мін таппай қызыл сөздің көркін қыздырғандар да қалысар түрі жоқ. «Шабысқа» жаңа толқын да қосылады. Оларға дау айта алмайсың. Талабың теріс деуге қақың қайсы?
Денсаулық • 28 Қаңтар, 2024
Өңірде мүгедектігі бар 5 мыңнан аса бала тіркеуде тұр. Олардың қатарында көбіне жүйке жүйесінің аурулары мен туа біткен ақаулар жиі кездеседі. Мұндай дерттің мейлінше ерте анықталып, қажетті ем-дом қабылдап, кешенді оңалтудан өткенінің септігі мол. Қарағандыда ашылған «Қамқорлық» атты оңалту орталығы ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға қанат байлағандай, бүлдіршіндерге көп мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2024
Бүгінде 3,5 мыңға жуық тұрғын мекендеген Самсы ауылына табиғи газ келіп, халық қуанып жатыр. Сарыаязға қарамастан салтанатты іс-шараға ауылдың ақсамайлы қариялары да көптеп жиылған екен. Бәрінің жүзінен қуаныш лебі білінеді.
Еңбек • 28 Қаңтар, 2024
Еңбек дауының төркіні жалақының кешіктірілуінен туындайды. Ал жалақысын уақытында алмаған жұмысшылар прокуратура мен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жиі жүгінеді. Сөйтіп, тиісті органдардың қызметкерлерінен қолдау күтеді.