Әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға ел болып кіріскен жөн
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның даму жолындағы атқарылатын міндеттерге жыл сайын Жолдау арнап келеді. Елбасының әр жылдардағы халыққа арнаған Жолдауы Қазақ елінің кемел келешегін бағдарлауымен, әлемдік аренада беделін бекемдеуімен, ел дамуының жаңа көкжиектерін айқындауымен құнды.
Өңірдегі көлік ағыны қырағы бақылауда
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Полиция департаменті өз қызметкерлерінің күнделікті қызметіне сандық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, өткен жылдың соңын ала Қордай ауданында құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған «Автоураган» төрт аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастаған болатын.
Жол апаты алдын алғанда ғана азаяды
Өткен 2018 жылы жол-көлік апатынан елімізде 2 мыңнан астам адам көз жұмып, 20445 адам түрлі жарақат алған екен. Бұл – Қазақстанның Ауғанстанда болған 10 жылдық соғыста жоғалтқан адамдарының санынан да көп, дейді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев өзінің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдаған сауалында.
Он жыл тұрған үйіне әкімдік таласып отыр
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2018 жылғы 21 ақпандағы санында «Ауыл тұрғыны араша сұрайды» тақырыбымен Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғыны Тілеулес Әубәкіровтің баспанаға қатысты мәселесін көтерген болатынбыз. Онда жасы сексенге таяп қалған Тілеулес ақсақалдың бірнеше жылдан бері тұрып жатқан үйінен айырылып қалғалы тұрғанын жазғанбыз. Арада тура бір жыл өткенде Т.Әубәкіров аталған мәселенің әлі шешімін таппағанын айтып, редакцияға келді.
Білім • 28 Қаңтар, 2019
Бүгінде қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұраты биік мұғалімнің қадір-қасиетін арттыруда өзекті мәселе жетерлік. Бұл туралы бас басылым бетінде кеңінен әрі өткір материалдар жиі жарық көріп, тиісті ведомстволардан арнайы іс-шаралар да қабылданып жатады. Еліміздегі игілікті шаралардың қатарында былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Педагог мәртебесі туралы» заңды айтуға болады. Аталған заң жобасы бүгінде қызу талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында да «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына арналған дөңгелек үстел өтті. Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жаңа заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, салалық кәсіподақ, мектеп және білім беру орталықтарының басшылары, мұғалім, психолог сияқты білім саласының біршама өкілі заң жобасына енгізілуі тиіс ең өзекті мәселелерді талқылады. Басқосу негізінен жаңа заң жобасын жетілдіре түсуге қажетті ой-пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салды. Мұғалім мәртебесінің артуының бір ғана министрлік мойнында емес, басқа да көптеген орталық және атқарушы органға, қоғамға, отбасы институтына тәуелді жақтары сөз болып, нақты ұсыныстар айтылды.