Үкімет • 28 Қаңтар, 2021
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2021
А. Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 28 Қаңтар, 2021
Сенаторлар нотариустың қызметін «цифрландыру» туралы заң қабылдады
Нотариус куәландырған құжаттар енді электрондық мұрағатта сақталады, ал нотариустардың өздері олардың "электрондық" және "қағаз" нұсқаларының бірдейлігін куәландыра алады. Бүгін сенаторлар нотариат қызметтерінің сапасын арттыруға және оларды алудың ыңғайлы болуына бағытталған осы және басқа да бірқатар жаңа өзгерістерді қабылдады. Бұл жаңалықтар Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған. Құжат Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат отырысында мақұлданды.
Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021
Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының екінші бөлімінің тұсаукесері өтеді
29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде белгілі археолог әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымының докторы Виктор Зайберттің «Ботай» (екінші бөлім) кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021
Білім министрлігі оқушылардың шетелде оқуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Білім және ғылым министрлігі шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салынатыны туралы ақпарат жалған екенін хабарлады, - деп жазады Egemen.kz