Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021

Білім министрлігі оқушылардың шетелде оқуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салынатыны туралы ақпарат жалған екенін хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Білім министрлігі оқушылардың шетелде оқуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

«Шетелдік ұйымдарда оқуға тыйым салу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қосымша білім алу – әр баланың құқығы. Қосымша білімді балалар тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде, тіпті қашықтан ала алады», делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім алуы керек және ол мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстанда өмір сүретін бала еліміздегі білім ордаларында, яғни жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар, лицейлер немесе халықаралық мектептерде оқиды. Қосымша білім ретінде шетелдік мектептерде қашықтан білім алуға болады. Егер балалар ата-анасымен бірге шет мемлекеттерге уақытша қоныс аударса, онда балалардың шетелде білім алуына ешқандай шектеу жоқ», деп нақтылады білім министрлігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар