Әлем • 05 Қаңтар, 2021
Оңтүстік Корея алғаш рет 2020 жылы туған балалар санынан өлім-жітімнің көбірек тіркелгенін мәлімдеді. Жалпы, елде бала туу деңгейі бұрыннан төмен еді. Былтыр барлығы 275 800 бала дүниеге келген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз. Ал қайтыс болғандар саны 307 764 адам. Бұл жағдай елдің осы салаға қатысты саясатын өзгертуге үндейді. Халық санының азаюы елге үлкен ауыртпалық әкелері сөзсіз. Денсаулық сақтау және зейнетақы жүйелеріне сұраныс өскен сайын мемлекеттік шығындарға қысымның артуымен қатар, жастар санының азаюы экономикаға тікелей әсер ететін жұмыс күшінің жетіспеуіне әкеледі.
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да айтқым келеді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтты. Сондай-ақ Президент Қазақстан шекарасына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жасауды ұсынды
Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас басылымда жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған мақаласында алаш арыстары туралы баяндайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Президент отандық телеарналарға тарихи фильмдер түсіруді тапсырды
Мемлекет басшысы құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.