Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Еркін Тұқымов Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Таяуда телеарналардың бірінде берілген хабарда қазақ кино өнерінде жарқ етіп, көзден жалт болған таланттар қатарында Бағаш Нашарбекованың аты аталды. Осы есім құлақты елең еткізіп, бала кезіміздегі мына оқиғаны ойға оралтты...
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
Әбілахат Еспаевтың балалар музыкасына қосқан үлесі зор
«Ахат бізге жиен болып келеді. Олар Шуға келсе, біздің үйге түседі, біз Алматыға бара қалсақ, олардікіне соқпай кетпейтінбіз. Жаратылысынан кеңпейіл, қонақжай жанның үйінен кісі аяғы арылмайтын. Ақкөңіл азаматтың жары да адалынан жолықты. Осы жолы да Ахат пен Назым есіктен күліп қарсы алып, төрде отырған қадірлі қонақтармен таныстырды. Олар тың туындыларымен тыңдарман жүрегінен орын алған аты дардай талантты тұлғалар Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тілендиев болатын. «Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын» демекші, қазақ сазының сайыпқыранына айналған азаматтар – Ахаттың жақын достары. Нұрғиса түйдей құрдасы болса, Шәмшінің бес жас кішілігі бар. Ұлы адамдар қарапайым келеді дегенге сол күні көзім анық жетті. Қазақ өнерінің майталмандарымен бір дастарқан басында әдемі әңгіменің, жарасымды қалжыңның куәсі болдым», деп марқұм әжем жиі айтып отыратын.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018
10 жыл ішінде 6,5 тонна есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді
Орталық Азиядағы есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қарсы күресетін өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО- CARICC) қызметіне 10 жыл толды.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018
Алматы облысында пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай тұр
2017 жылы Алматы облысының аумағында орын алған жол-көлік оқиғасының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда азайған.