Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Түркістанда биыл 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек
Түркістан облысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Өткен жылы 600 мың шарты метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындары 750 мың шаршы метрге жуық баспанамен қамтамасыз етілді. 6000-нан астам отбасында қоныс тойы тойланды. Осылайша былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы 125 пайызға жоспардан артық орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Қызылорда облысында филармония жанынан қосымша ғимарат салынды
Қызылорда облысында мәдениет саласы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 22 жоба іске асырылды. Бұл туралы коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова хабарлады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинағын пайдалану: Үш күнде 151 млрд теңгеге өтініш түсті
Елімізде зейнетақы жинағындағы қаражаттың бір бөлігін пайдалануға рұқсат етіліп, арнайы онлайн платформа қолданысқа енгізілгелі бері жалпы сомасы 151 млрд теңгені құрайтын 27 240 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Зейнетақы ақшасы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді?
Қаңтар айының басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Қазақстандықтар үшін бұл бірыңғай зейнетақы қорынан жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке компанияларға беру үшін пайдалану мүмкіндігін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысын өткізді
Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.