Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және еліміздің батыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды.
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Басты мақсат – конституциялық құқықтарды сақтау
Бас прокуратура мен ІІМ-нің лауазымды өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстар және оларды тергеу барысы туралы ресми мәлімдеме жасады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік оқиғалардан кейін ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және тіркелген қылмыстардың мән-жайларын анықтау жұмыстары жайлы мағлұмат берілді.
Қысқы спорт • 25 Қаңтар, 2022
Олимпиадашылардан оңды нәтижелер күтеміз
Бұл күндері төрткүл дүние жұртшылығы 4-20 ақпан аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде жалауы желбірейтін XXIV Қысқы Олимпия ойындарын тағатсыздана күтуде. 100-ге жуық мемлекеттен келген 4 мыңнан аса үміткердің қатысуымен өтетін бәсекелер барысында спорттың 15 түрі бойынша 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Сол жарыста жерлестерімізге медаль бұйыра ма? Міне, қазіргі кезде барша қазақстандық жанкүйерді дәл осы сауал мазалап отыр.
Экономика • 25 Қаңтар, 2022
Депозитке ақша саларда нені ескерген жөн?
Ақшаны үйде жинағаннан гөрі банкте жинау қауіпсіз әрі ақша көлемі өсіп отырады. Содан болар, әрбіріміздің кем дегенде бір банкте салымымыз бар. Алда-жалда екінші деңгейлі банк жабыла қалар болса, салымдарымызды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) қорғайды. Десе де қор басшылары «салымымыз қорғауда» деп алаңсыз отырмай, депозит түрі мен банкті таңдар кезде мұқият болуға, әбден зерделеп барып шешім қабылдауға шақырады.
Экономика • 25 Қаңтар, 2022
«Самұрық-Қазына» сатып алуларында ашықтық жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын реформалауды тапсырды. «Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн», деп қадап айтты. Соның ішінде Мемлекет басшысы қордың сатып алуларына ерекше назар аударуды тапсырды.