Сұхбат • 24 Қаңтар, 2025
«Ақмарал» – қайсар рухты әйел туралы шығарма
Жақында «Regal House Publishing» баспасынан америкалық жазушы Джудит Линбергтің «Ақмарал» атты романы жарыққа шықты. Ежелгі Орталық Азия алқабында өмір сүрген көшпелі тайпадан шыққан жауынгер әйелдің тағдыры суреттелген туынды қазір АҚШ-тың кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Оқиғалары өзгеше, тақырыбы тың болғандықтан, аталған шығарма мұхитттың ар жағындағы әдеби сыншылардың да назарын аударыпты. Елдің ерекше ықыласына бөленген шығарма авторымен «Ақмарал» романы хақында еркін сұхбаттасқан едік.
Әлем • 24 Қаңтар, 2025
Қалың тұман тұмшалаған Бейжің аспанында шыркөбелек айналған ұшақтың жерге табан тірей алмай жүргенінде қонуға тиіс межелі уақыттан қырық минут асып кеткен-ді. Бұл кезде жанын шүберекке түйіп отырған 200-ге жуық жолаушының дегбірі қаша бастаған. Жай кездің өзінде дабырлап сөйлесетін жергілікті азаматтардың даусы тіпті зорайып кеткендей. Бортсерік қыз аузы-аузына жұқпай әлденені түсіндіріп әлек, сабырға шақырғаны болар. Қытай тілін түсінбесек те, ағылшынша мән-жайды ұғысатын қауқарымыз бар еді, алайда мардымды жауап ала алмадық. Сол сәтте экипаж командирі күн райының қолайсыздығына байланысты Тяньзинь қаласының әуежайына қонуға мәжбүр екенін қытайша-ағылшынша хабарлап жатты.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2025
«Құлыным менің» – құндылық қайнары
Замана тақырыбын жазу өте қиын. Замандас бейнесін жасау одан да күрделі. Ал драманың әдебиеттің бір төл баласы екендігін ескерсек, бүгінде шығармада заманауи кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы – кезек күттірмейтін мәселелер қатарында.
Спорт • 24 Қаңтар, 2025
World Boxing халықаралық федерациясы бокстан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы елімізде өтетінін ресми түрде растады. Аталған жарыстың жалауы биыл 30 маусым мен 7 шілде аралығында желбірейді.
Өнер • 24 Қаңтар, 2025
Рим Папасы риза болған қазақ музыканты
Музыка әлеміндегі хас таланттар көп өтпей-ақ биік белесті бағындырары анық. Олар ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейде танытып, талғамы жоғары көшелі көрермен жүрегінен жол табатыны сөзсіз. Соңғы уақытта отандық жас музыканттар әлемдік сахналарда үлкен жетістікке қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін арттырып келеді.